Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласы белгілі болды
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы кезекті жекпе-жегін канадалық 39 жастағы нигериялық боксшы Альберт Онолуносқа қарсы өткізеді.
10:37 23.10.2019
26 жастағы қазақстандық спортшы өзінің орта салмақтағы WBC Continental Americas титулын 9 қарашада Фресно қаласында (Калифорния, АҚШ) қорғайды. Оның қарсыласы мансабында Альберт Онолунос 24 рет жеңіске жетіп, екі мәрте жеңіліс тапқан. Бір айқаста тең түскен.
Еске салайық, Жәнібек Әлімханұлы соңғы жекпе-жегін 17 тамызда Лос-Анджелесте өткізді. Бесінші раундта ол канадалық Стюарт МакЛелланды нокаутқа жіберіп, WBC Continental America және WBO Global орташа салмақ дәрежесін қорғады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!