Боксшы жекпе-жекте қарсыласын емес, төрешіні нокаутқа түсірді
Төреші төбелесіп жатқан спортшыларды ажыратпақ болғанда, басынан соққы алып құлайды.
14:13 23.10.2019
Жекпе-жекті тоқтатуға тура келген. Жапонияда бирмалық бокстан өткен Lethwei 14 in Japan турнирінде спортшы төрешіні нокаутқа жіберді. Видео Twitter желісінде жарияланды. Жекпе-жектің жетінші секундында төреші жұдырықтасып жатқан боксшыларды ажыратпақ болғанда, басынан ауыр соққы алып, тәлтіректеп барып құлайды, деп жазады sputniknews.kz.
Жекпе-жекті тоқтата тұруға тура келді, өйткені төреші біраз уақытқа дейін өз-өзіне келе алмаған. Бирмалық бокстың ерекшелігі – қолғаптың орнына дәке орайды, сондай-ақ баспен ұруға рұқсат етіледі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!