{metadescription}
Әлия Рақышева президенттің кеңесшісі болды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өкімімен Президент әкімшілігінде бірқатар ауыс-түйіс болды.
16:40 23.10.2019
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
"Мемлекет басшысының Өкімімен Әлия Ғалымжанқызы Рақышева Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды", - делінген ресми хабарламада.
Ол мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігі басшысының орынбасары қызметінен босатылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!