{metadescription}
Алматыда ашулы әйел өзге көліктің терезесін шағып тастады

Алматыда ашулы әйел өзге көліктің терезесін шағып тастады

Алматыда әйел өрт сөндіргішпен әйнекті сындырып тастады.

Жәбірленуші ашуланған ханымның әрекетін көліктің ішінен түсірген. Видеода көлік сыртынан әйел адам өзге көліктің терезесін өрт сөндіруші құралмен сындырып, сүрткіштерін қолмен жұлуға тырысқанын байқауға болады. 

Оқиға 22 қазан күні Алматы қаласының Әуезов ауданында болған. Алматы қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, қазіргі уақытта бұл факт Әуезов ауданының полиция басқармасында ҚРҚК 293-бабының 1-бөлімі бойынша тергелу үстінде.

Тергеу барысында оқиғаның мән-жайы анықталып, құқықтық баға берілетін болады. Сонымен қатар, тиісті сараптамалық зерттеулер тағайындалады. Автокөліктің терезесін шаққан әйелдің видеосы әлеуметтік желілерде жарияланды.


 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде