Қарағандыда бүлдіршін 5 ине жұтып қойған
Қарағандыда бір жарым жасар қыз инемен емдеуде қолданылатын 5 инені жұтып қойған.
10:20 24.10.2019
Қыздың ата-анасы жерде шашылып жатқан заттарды көріп, баланың мазасызданып отырғанын байқаған. Дәрігерлер жедел ота жасады. Хирургтер үш инені асқазанынан, екеуін – аш ішектен тапқан. Ота сәтті өтіп, кішкентай науқас ауруханадан үйіне шығарылды. Биыл дәрігерлер кәмелеттік жасқа толмаған балалардың асқазанынан 50 рет тиын, шеге, жүзік, батарейка мен түймелер алған.
Дәрігерлер ине жұтқан бүлдіршінді екінші рет көруі. Бұған дейін хирургтар киім тігіп отырып, абайсызда ине жұтып қойған 14 жастағы қызға операция жасаған болатын.
Дереккөз: 24.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!