Семейде түрме бастығы ішіп алып, сотталушыларды сабаған
Семейде қаладағы түрменің бастығы еңбек демалысында болғанда удай мас болып жұмыс орнына барып, тергеу үшін қамауда отырған 12 адамды сабап тастаған.
10:45 24.10.2019
Бастапқыда мекеме басшысының бұл оспадарсыз әрекетіне қатысты сотқа дейінгі тергеумен Шығыс Қазақстан полиция департаментінің ішкі қауіпсіздік бөлімінің тергеушісі айналысқан. Алайда, кейіннен қылмыс құрамның болмауына байланысты іс тоқтатылған еді. Шығыс Қазақстан прокуратурасы бұл істі тоқтату туралы заңсыз шешімнің көзін жойып, оны арнайы прокурорларға тапсырды.
Іс басқа жаққа өтіп кеткеннен кейін түрменің бұрынғы басшысы тергеуден қаша бастады. Осыған байланысты тергеу судьясы арнайы прокурордың өтініші бойынша оны қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция жариялады. Ол бір жылдан астам уақыт бойы іздестіріліп, ақыры Алматыда қамауға алынды.
Сотта ұсталған адам өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінді. Осы жағдайды, сондай-ақ оның кішкентай балаларының болуын және оның отбасында жалғыз асыраушы екендігін ескере отырып, № 2 Семей қалалық соты оған ең аз жаза түрін, яғни үш жылға бас бостандығынан айыруды тағайындады. Сонымен қатар ол құқық қорғау органдарында бес жыл қызмет атқару құқығынан және полиция майоры атағынан айырылды. Үкім заңды күшіне енді.
Арнайы прокурордың ұсынысы бойынша Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті ішкі қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылып, басшына қызметіне толықтай сай келмеді деген сөгіс жарияланды.
Дереккөз: Zakon.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!