Елордада жолаушылар автобусы өртенді
Нұр-Сұлтанда жолаушылар автобусы отқа оранды.
11:14 24.10.2019
Бүгін сағат 09:17-де Нұр-Сұлтан қаласы «101» пультіне Б.Момышұлы мен Сәтпаев көшелерінің қиылысында жолаушылар автобусының өртенгені туралы хабар түсті. 09:21-де алғашқы өрт сөндірушілер жеткен кезде автобустың қозғалтқышы мен артқы бөлігі жанып жатқан. Салонда жолаушылар болмаған. Өрт 09:31-де сөндірілді. Оны сөндіруге елордалық ТЖД жеке құрамынан 13 адам мен 2 техника тартылды.
"IVEСO маркалы № 51 автобустың қозғалтқышынан өрт шыққаны анықталды. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ ", - делінген қалалық ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.
Айта кетсек, бүгін таңғы уақытта Алматы қаласындағы Әл-Фараби көшесінде жолаушылар автобусы түгі қалмай өртеніп кеткен еді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!