Түркістан облысында жоғалған 13 жасар бала Шымкенттен табылды
Түркістан облысы Келес ауданында із-түзсіз жоғалып кеткен 13 жасар бала табылды.
12:40 24.10.2019
Полицейлер Дияр Мұхамедин атты жасөспірімді түнде Шымкент көшелерінің бірінен кездестіріп қалған. Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, баланы табуға Келес аудандық ПБ барлық жеке құрамы жұмылдырылған.
Тәртіп сақшылары жеткіншекті шым қалада деп болжап, сол жақтан іздестірген. Сөйтіп кеше кешкісін тауып, анасына табыстады. Қазіргі таңда баланың не себепті үйінен кетіп қалғаны анықталып жатыр.
Айта кетейік, 7-сыныпта оқитын Дияр Мұхамединнің із-түзсіз жоғалып кеткенін айтып, анасы полицияға арызданған болатын.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!