Цирктегі қойылым кезінде аю қожайынына шабуыл жасады
Карелия Республикасында (Ресей) циркте өнер көрсетіп жатқан аю сахнада жаттықтырушысына шабуыл жасады.
13:43 24.10.2019
23 қазан күні кешке болған оқыс оқиғаның видеосы ғаламторда тарап кетті. Куәгерлердің айтуынша, өнер көрсету барысында жаттықтырушы аюға тамақ берген. Тоймай қалған болса керек, жыртқыш иесіне бірден тап береді. Бастапқыда бәрі әдейі ұйымдастырылған сценарий деп ойлапты.
Цирктің екінші қызметшісі дереу жүгіріп келіп, жыртқыш аңды аяғымен тепкілей бастайды. Алайда, жануар оның бұл әрекетіне назар аудармайды.
Видео авторының мәліметінше, оқыс оқиға орын алса да, цирктегі шоу жалғаса берген. Цирк қызметкерлері жыртқышты тамақ пен шокердің көмегімен тез арада тыныштандырған. Ер адам аман-есен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!