{metadescription}
Оралда «Талисман» дүкені өртенді

Оралда «Талисман» дүкені өртенді

Орал қаласында «Талисман» дүкені өртенді.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 24 қазан күні Н.Назарбаев даңғылы бойында болды. Дүкеннің өртеніп жатқаны жөнінде сағат 08.50-де хабар түскен. «Талисманның» ішінде жеке заттар жанған.

Аумағы – 25 шаршы метр. Қала орталығындағы өртті ауыздықтауға 15 адам, 4 техника жұмылдырылды. Өрт 09.05-те оқшауланып, 09.25-те сөндірілді. Қазіргі кезде оның шығу себебі, келтірілген шығын анықталуда.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде