Алматыда әкесі туған баласын қылқындырып өлтірді
Алматыда ер адам туған баласын тұншықтырып өлтірді.
08:08 25.10.2019
Жантүршігерлік оқиға 24 қазан күні таңертең "InterContinental" қонақүйінде болды. Фойеде ер адамның әйелі жылап тұрды. Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Күдікті уақытша ұстау абақтысына қамалды. Олар тергеу мүддесі үшін басқа ақпаратты жария етпеді.
Еске салайық, Солтүстік Ирландияда тұратын Анжела Ирвин көз жұмған көңілдесінің мәйітімен бірге үш күн ұйықтаған болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!