{metadescription}
Түркістан облысының тұрғыны шетел азаматшасын зорлады деген күдікке ілінді

Түркістан облысының тұрғыны шетел азаматшасын зорлады деген күдікке ілінді

Сарыағаш ауданында жасөспірім қызды зорлады деген күдікпен ер адам қамауға алынды.

Облыстық ПД департаментінің мәліметінше, 23 қазан күні Сарыағаш аудандық ПБ Өзбекстан республикасының азаматшасы арызданған. Ол өзінің жасөспірім қызын біреулер зорлап кеткені туралы айтқан. Аталған арыз бойынша тәртіп сақшылары күдіктіні анықтап, қамауға алды.

«Осы оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 120-бабы бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Бірнеше сот-медициналық сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу кезінде болған жағдайдың мән-жайлары анықталатын болады. Ал, қызды екі адам қорлаған деген ақпарат шындыққа жанаспайды», - делінген хабарламада.

Еске салсақ, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев өзінің Қазақстанның оңтүстігінде өскенін, бұған дейін мұндай суицидтер мен балалардың зорлық-зомбылықтары болмағанын айтқан болатын. Алайда аймақ басшысы қылмыс статистикасы төмендеп жатқанын, бұл бағытта жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.

«Өңірде зорлық-зомбылықпен күрес жөніндегі комиссия құрылды», - деді Өмірзақ Шөкеев.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

11 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде