{metadescription}
«Ақтөбе - Алматы» пойызында әйел босанып қалды

«Ақтөбе - Алматы» пойызында әйел босанып қалды

24 қазан күні «Ақтөбе - Алматы» бағыты бойынша жүретін жолаушылар пойызында нәресте дүниеге келді.

5-вагонда келе жатқан Алтынай Темір жол үстінде толғатып, жолсеріктер мен пойыздағы жолаушы дәрігерлердің көмегімен аман-есен қыз босанды. Отар стансасына келгенде оларды жедел жәрдем көлігі күтіп алып, жақын маңайдағы ауруханаға жеткізді.

«Қол ұшын созған жолаушылар – дәрігер Евгений Колопилов пен акушер Бейбіткүл Құмғанбаеваға және вагон жолсерігі Руслан Байекешов пен пойыз басшысы Сағынай Жүсіпке алғыс айтамыз», - деп мәлім етті компаниядан.

Айта кетсек, барша жолсеріктер алғашқы медициналық көмек және штаттан тыс жағдай кезінде көмек көрсету оқу-тренингтерінен өтеді.

Дереккөз: ҚазАқпарат


 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде