{metadescription}
Елордада түнде көпқабатты үйдің күл-талқанын шығарды

Елордада түнде көпқабатты үйдің күл-талқанын шығарды

Нұр-Сұлтан қаласында «Территория комфорта-1» тұрғын үй кешенінде құрылысы аяқталмаған көпқабатты үйдің сүрілуі тұрғындарды шошытты.

Елордалық тұрғындар сүру жұмыстары кезінде гүрс еткен қатты дыбысқа шағымданды. Facebook желісінде Айнұр Коскина есімді қолданушы сүрілген үйдің видеосын жариялап, шағымданды.

«Салынып бітпеген үйді түнде құлатуға бола ма екен? Жарылыс болды немесе жер сілкінді деп ойладым. Орнымнан атып тұрып, қызымды оятуға жүгірдім. Мұнан кейін құжаттарға асықтым. Қайта күйеуім ұйықтап жатпаған еді. Ол мені тыныштандырды. «Территория комфорта-1» тұрғын үй кешенінде не болып жатыр? Басқа уақыт таппадыңыздар ма?» - дейді көршілес орналасқан үйдің тұрғыны Айнұр Коскина.

Өз кезегінде ғимараттың демонтаж бойынша бас маманы Әлиақбар Мәмбеталин жағдайға қатысты пікір білдірді. Оның сөзінше, төтенше жағдайлар департаментінің "Территория комфорта 1" тұрғын үй кешеніне жасаған техникалық зерттеуінің қорытындысына сәйкес нысанды бұзу жұмыстары басталған. 

«Аталған жұмыстар қол компрессорлары арқылы темір-бетон плиталарын бұзу әдісімен жүргізілуде. Алайда осы жұмыстарды орындау барысында нысанда жарықтар пайда болды. Әрі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ғимаратты аула бөлігіне бағыттап құлату әдісімен бұзу туралы шешім қабылданды. Нысанды құлату кеше түнде сәтті жүзеге асырылды», - дейді Мәмбеталин.

Сонымен қатар бас маман көпқабаттың үйдің сүрілуінен қоршаған ортаға, айналасына ешқандай қауіп жоқ екенін жеткізді. 

Дереккөз: Stan.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде