{metadescription}
Ер адам тамағынан інжу моншақ тауып алды

Ер адам тамағынан інжу моншақ тауып алды

АҚШ тұрғыны устрицадан інжу моншақ тауып, олжаға кенелді.

Оқиға Нью-Джерси штатында болған. Мейрамханаға әйелімен бірге тамақтануға барған Антон Шермер тағамнан ішінен қатты зат тауып алады. Белгісіз заттың кішкентай інжу екенін көреді. Мейрамханаға устрица жеткізетін компаниясының маманы Кевин Джозеф мұндай жағдайдың өте сирек болатынын айтты.

"Мен шамамен мыңдаған устрицаны ашқан шығармын. Інжу моншақ Мексика шығанағындағы жылы суларда мекендейтін ұлудың түрінен шығады. Алайда ол жақта да сирек кездеседі. Бірақ суық суда мекендейтіндерінің ішінен інжу моншақтың табылғанын естіген емеспін. Мұндай жағдай өмірде бір-ақ рет кездеседі", - дейді ол.

Антон Шермер өзінің тапқан олжасын мейрамханаға сыйға беріпті. Мейрамхана қожайыны оны қабырғаға іліп қоймақ. Іншу моншақтар көптеген ұлу қабыршағынан қалыптасады. Алайда олардың басым бөлігінің ақшалай құндылығы жоқ. Себебі, бұл інжу моншақтарда бағалы болып саналатын қабат болмайды.

Дереккөз: Sputnik
 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде