Қытай тарихта алғаш рет деректерді шифрлау туралы заңды қабылдады
Бір күн бұрын президент Си Цзиньпин Қытайдың блокчейн технологиясы бойынша әлемдік көшбасшы болуға ұмтылатындығын мәлімдеді.
10:31 27.10.2019
Бүкілқытайлық Қытай Халықтық конгресінің тұрақты комитеті елімізде алғаш рет деректерді шифрлау туралы заңды қабылдады. «Криптография туралы заң» 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Ол «шифрлауды қолдану мен басқаруды стандарттауға, бизнесте шифрлауды дамытуға және желінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге» бағытталған.
Криптографиялық стандарттарды құзырлы органдар қадағалайтын болады. Стандарттар негізгі, жалпы қабылданған және шифрлаудың коммерциялық түрлеріне бөлінеді. Сондай-ақ, заң белгіленген қауіпсіздік қағидаларын бұзғаны үшін жазалайды. Үкімет криптографияның білікті мамандарын дайындауды ынталандырады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары