{metadescription}
БҚО-да жол апатынан бір адам қаза тауып, төртеуі жарақат алды

БҚО-да жол апатынан бір адам қаза тауып, төртеуі жарақат алды

БҚО полиция департаментінің баспасөз хатшысы Болатбек Белгібековтің айтуынша, оқиға 25 қазан күні кешкісін Орал-Тасқала жолы бойында орын алды.

Сағат 19.05-те Бәйтерек ауданы Белес ауылынан Орал-Тасқала жолына бұрылар тұста 1993 жылғы жүргізуші «Лада Гранта» көлігімен жол бермей, «МАЗ» жүк көлігімен соқтығысқан. 1988 жылғы жүргізуші айдаған жүк көлігі Тасқалаға қарай кетіп бара жатқан.

Жол апатынан жеңіл көлікте болған 1989 жылғы ер адам оқиға орнында жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмды. Алдын ала мәлімет бойынша жамбас тұсынан жабық сынық жарақатын алған жүргізуші, жабық бас-ми жарақатымен 1989 жылғы әйел, жамбасы сынған 2015 жылғы қыз бала және жабық бас-ми жарақатына қоса миы шайқалған 2013 жылғы қыз облыстық көпбейінді ауруханаға жатқызылды. Бұлардың бәрі де «Лада Гранта» автокөлігінде болған.

Көліктер арнайы тұраққа қойылды. Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

23 қараша

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде