{metadescription}
Көкшетауда кішкентай бала құдыққа түсіп кеткен

Көкшетауда кішкентай бала құдыққа түсіп кеткен

Көкшетау тұрғындары кәріз құдығына құлап, суға батқан баланы құтқарып қалды.

Бұл туралы әлеуметтік желіде баланың анасы түсірген бейнежазба жарияланды. Бейнежазбада сөйлеп тұрған әйелдің айтуынша, оқиға 25 қазан күні кешкілік Көктем шағынауданында болған. Оның екі баласы үйдің маңындағы дүкенге кеткен екен. Алайда қайтар жолда кіші ұлы қытырлақ картопты жерге түсіріп алып, оны алу үшін еңкейгенде құдыққа құлап кеткен.

Абырой болғанда, ағасы абдырап қалмай, сол маңдағы адамдарды көмекке шақырып, баланы құдықтан алып шыққан. Бала құлаған кезде кұдықтың қақпағы жабық тұрған. Ал қалалық қызметтегілер желідегі жарияланымға жауап беріп, 27 қазанда таңертең құдықтың беті жабылғанын айтты. Сонымен қатар әкімдіктегілер беті ашық жатқан құдықтардың мекенжайы туралы хабарламаларды тексеріп, олардың бетін жабуға уәде етті.

Алайда, бейнежазба авторы көрсеткендей, құдықтың қақпағын екі саусақпен де көтеруге болады. Жеңіл қақпақ үстінен басып қалса, айналып кетеді екен. Бейнежазбаға пікір жазған желі қолданушылары қаланың өзге шағын ауданында қақпағы ашық тұрған құдықтардың барын айтуда. Қалалық коммуналдық қызметтер аталмыш бейнежазбаға бірден құлақ асып, қазанның 27-де құдықтың қақпағын жауыпты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде