{metadescription}
Елордада шетелдік жұмысшылар төбелес шығарды

Елордада шетелдік жұмысшылар төбелес шығарды

Елордада құрылысы жүріп жатқан нысандардың бірінде үндістандық жұмысшылар өзара төбелесіп, 8 адам ұсталды.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды. Оқиға 27 қазан күні болған. Сағат 20:58-де жедел басқару орталығына жатақхана аумағында Үндістан азаматтары арасында төбелес болғаны туралы хабар түсті. Анықталғанындай, елордада тұрғызылып жатқан нысанның жатақханасында жұмысшылар (Үндістан азаматтары) төбелесіп қалған. Спирттік ішімдік ішкен Үндістан жұмысшылары өзара жанжалдасып, ақыры 3 адам дене жарақатын алған.

«А талған оқиғаға қатысты 8 шетелдік жұмысшы ұсталып, Есіл аудандық полиция басқармасына жеткізілді. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің «Бұзақылық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деді полициядан.

Кінәлілерге екі мың айлық есептік көрсеткішке дейін (5 миллион теңгеден астам) айыппұл салынуы немесе екі жылға дейін бас бостандығын шектеу жазасы қарастырылған. Сондай-ақ, дәл осы мерзімге бас бостандығынан айырылуы да мүмкін.


 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.