{metadescription}
Алматыда есірткі дайындайтын жасырын зертхана табылды

Алматыда есірткі дайындайтын жасырын зертхана табылды

ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша Департаменті синтетикалық есірткілерді дайындайтын жасырын есірткі зертханасын тапты.

Бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлайды. 2019 жылғы 24 қазанда жедел-іздестіру шараларын өткізу нәтижесінде оның жұмыс істеуін ұйымдастырған Алматы қаласының тұрғыны ұсталды. Зертханадан 2 кг жуық синтетикалық есірткілер (балама түрде 2 мың дозаға жуық) және 526 литр прекурсорлар алынып, олар сот-химиялық сараптамаға жіберілді.

Ал дайын психотропты заттарды сату Telegram және VIPole мессенджерлеріндегі интернет-дүкендері арқылы жүзеге асырылған. Ұсталған "А" есімді азаматтың тұрғылықты жері бойынша сондай-ақ есірткі сататын ірі интернет-дүкендерінің бірі "Алтын Орда" логотипі бар визит картасы мен оттық шақпақ алынды.

Аталған факті бойынша ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша Департаменті ҚК 297-бабы 3-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған адам тергеу изоляторына орналастырылып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.