Павлодарда бала күтуші үй иелерін тонап кетті
Павлодар облысында 33 жастағы бала күтуші бір айдан астам уақыт жұмыс істеген отбасының үйінен 1000 доллар мен 500 еуро ұрлап кетті.
14:51 28.10.2019
Бұл отбасында күтуші бір айдан астам уақыт жұмыс істеген, оның жұмысына отбасының шағымы болмаған. Бірақ бір күні әйел үй иесінің жоқтығын пайдаланып, 1000 доллар мен 500 евросын үптеп кеткен.
Полиция бұл ұрлықты жасады деген күдікпен күтушіні ұстады. Әйелдің айтуынша, ол ақшаны несиені жабу үшін жұмсаған. Департаменттен хабарлағандай, полицейлер ұрлық жасады деген күдікпен бала күтушіні қолға түсірді.
«Әйелдің айтуынша, ол ақшаны өз қажеттіліктеріне – несиесін жабу үшін жұмсаған. Аталмыш дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», - деді полициядан.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары