Өлім аузында жатқан жігіт ауруханада үйленді
Англияның Нортгемптон қаласында ауруханада өлім аузында жатқан науқас үйленді.
15:26 28.10.2019
Ол арада жеті сағат өткеннен кейін көз жұмды. Маусым айында 33 жастағы Гэри Смарт өзін нашар сезінетінін айтып шағымдана бастаған. Оның көкірек қуысы ауырып, өздігінен арықтап, ұйқысы нашарлаған. Қыркүйек айының соңында ер адамның өкпенің қатерлі дертіне шалдыққаны анықталыпты. Оның үстіне дерті асқынып, соңғы дәрежесіне жеткен екен. Осыдан кейні дәрігерлер науқас бірнеше күн ғана өмір сүреді деген болжам жасайды.
Ер адам отбасылы адам болып өмірден өткісі келген. Сондықтан туыстары аурухана палатасында оған неке қию рәсімін жасап берді. Өлім аузында жатқан ер адамның жанына туыстары, достары және дін қызметкері жиналды. Осылайша, олардың некелері қиылып, дін қызметкері Гэри мен 31 жастағы Лаураны ерлі-зайыпты деп жариялады.
«Ол әрең дегенде неке антын айтып, саусағыма жүзікті тағып, мені сүйіп алды. Мен оның жанына жатып, екеуіміз «Форсаж 8» фильмін көрдік. Себебі ол көліктерге қызығатын», - дейді Лаура.
Арада 7 сағат өткеннен кейін ер адам көз жұмды.
Дереккөз: Stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!