67 жастағы кейуана босанды
Қытайда 67 жастағы әйел салмағы 2,6 келі қызды дүниеге әкелді.
15:49 28.10.2019
Ауруханадағылар, 67 жастағы кейуананың босанғанын растады. Алайда мән-жайды айтпады. Басылым мәліметінше, қазіргі уақытта шақалақ дәрігерлердің бақылауында.
Дәрігерлер кейуананың денсаулығын 9 ай бойы бақылауда ұстаған. Баланың әкесі - адвокат, шешесі - медбике. Олардың ересек ұлы мен қызы бар және бірнеше немересі бар.
Еске салсақ, Үндістанның Андрха-Прадеш штаты 57 жыл бала көте алмаған тұрғыны ЭКО арқылы 74 жасында жүкті болып, егіз қыздарды дүниеге әкелді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары