{metadescription}
Алматы облысында таксист жолаушы әйелді өлтіріп кеткен

Алматы облысында таксист жолаушы әйелді өлтіріп кеткен

Алматы-Өскемен тас жолында жолаушы әйелді өлтірген таксист 16 жылға сотталды.

Алматы облыстық ауданаралық қылмыстық соты А. Қасымованы өлтірген қаскөйді қылмыстық кодекстің 2 бабы бойынша яғни, ҚР ҚК 99 (адам өлтіру) және ҚР ҚК 188 (тонау) баптары бойынша кінәлі деп танып, 16 жылға бас бостандығынан айырды. Енді қылмыскер жазасын қауіпсіздігі деңгейі жоғары мекемеде өтейтін болады.

Естеріңізге сала кетейік, қайғылы оқиға ағымдағы жылдың 14 маусымында болғаны айтылды. Такси жүргізушісі мен оның жолаушысы «Алматы - Өскемен» тас жолымен келе жатқанда, ер адам оны үйіне жеткізуі тиіс болған. Алайда әйел көлікке отырғаннан кейін оны ешкім көрмеді.

Анықталғандай, такси жүргізушісі А. Қасымованың танысы болып шықты. Ол А. Қасымованың қаражаты бар екенін сезіп, оның діттеген жеріне апаруға ұсыныс тастап, жолда оны тонап, өлтіріп кеткен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.