Мұнай зауытында жарылыс болып, 5 адам көз жұмды
Қытайда мұнай зауыты аймағында көлікке орнатылған сынақ жабдықтары жарылып, бес адам қайтыс болды.
17:41 28.10.2019
Қытайдың солтүстік-батысындағы Шэньси провинциясында мұнай зауытында машина жарылып, бес адам мерт болды, тағы бесеуі жарақат алды. Сондай-ақ үш адам хабар-ошарсыз кеткен.
Жарылыс жергілікті уақыт бойынша сағат 07: 00-де Yangcheng Oil Field мұнай кен орнының өндірістік алаңында болған. Хунань провинциясының (Орталық Қытай) энергетикалық компаниясына тиесілі көлікке орнатылған сынақ жабдықтары жарылған.
Дереккөз: 24.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!