{metadescription}
СССР гербі бар футболка киген адам жазаланды

СССР гербі бар футболка киген адам жазаланды

Украинаның Кривой Рог қаласының соты жергілікті тұрғынды тыйым салынған "коммунистік тоталитарлық режим символикасын" киімінде пайдаланғаны үшін кінәлі деп тапты.

Қылмыстық іс материалына сәйкес, айыпталушы СССР гербі бар футболкамен сауда орталығына барған. Сондай-ақ, ер адамның өз кінәсін мойындап, сотқа дейін тергеушілермен келісімге келгені айтылады. Сот оны өкілетті органға үнемі барып белгіленіп тұруға, сонымен қатар мекенжайын ауыстырғанда хабар беріп, белгілі бір уақыт аралығында Украина аумағынан шықпауға міндеттеген.

"Коммунистік және ұлтшылдық режимді айыптау" жөніндегі заң Украинада 2015 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Ол советтік символикаларды уағыздауға тыйым салады және кеңестік қайраткерлдердің атымен аталатын жер атауларын өзгертуді талап етеді.

Дереккөз: Baq.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде