АҚШ-та сәби күнінде Қазақстаннан асырап алынған бозбала көз жұмды
АҚШ-тың Массачусетс штат Уэст-Тисбери қаласында 17 жастағы Дэвин Айсулу Такэбери көз жұмды. Бозбала 1 қыркүйекте өмірден өткен. Алайда оның жеке тұлғасы енді ғана анықталыпты. Өлімнің себебі туралы ақпарат жоқ. Дэвин 2001 жылы 16 қазанда Қостанайда туған. Бір жас екі ай толғанда америкалық отбасы - Уэйн және Кэтлин Тэкабери асырап алған. Ол орта мектептің 12-сыныбында оқып жүрген. Қазақстан тумасы Солтүстік Америкадағы қазақ диаспорасымен байланыста болған. Достары көп болған. Дэвин гимнастикаға және би өнеріне, сондай-ақ сурет салу мен фото түсіруге әуес болған.
10:03 29.10.2019
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!