Бағдат Манзоровқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылды
Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Манзоровқа қатысты қозғалған қылмыстық іс заңсыздығына байланысты ҚР Бас прокуратурасымен тоқтатылды.
11:02 29.10.2019
Бағдат Манзоровқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылды. Шенеунікке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігі (Алаяқтық) бойынша қозғалған іс қылмыстық оқиғаның болмауына байланысты тоқтатылды.
Оның күшін жою туралы шешімді 28 қазанда Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының қылмыстық қудалау қызметі басшысының орынбасары Әбу Әли Саттар қабылдады.
Еске сала кетейік, АҚШ-та сәби күнінде Қазақстаннан асырап алынған бозбала көз жұмды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!