Қазақстан Ресейден SSJ100 ұшағын сатып алу үшін шарт қойды
Қазақстан билігі ресейлік Sukhoi SuperJet 100 ұшақтарын сатып алу туралы келісім жасауға дайын.
20:10 29.10.2019
Алайда Қазақстан Ресейден SSJ100 ұшағын сатып алу үшін шарт қойды. Агенттік мәліметінше, SSJ100 ұшақтарын шығарушы «Сухойдың азаматтық ұшақтары» Қазақстандағы SCAT әуе компаниясымен келіссөздер жүргізіп жатыр, деп жазады stan.kz. Мемлекеттің авиациялық билігі келісімге рұқсат беруге дайын.
Алайда Еуразиялық экономикалық одақ аумағына орташа және ұзақ магистральді Airbus және Boeing ұшақтарын баж салығынсыз әкелуге берілген рұқсатты әрі қарай ұзарту туралы шарт қойып отыр. Аталған құжат 2032 жылға дейін күшінде.
Еске сала кетейік, дәрігерлер түнде тамақ жеудің денсаулыққа қауіпті екенін айтты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!