{metadescription}
Елизавета Синельникова джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды

Елизавета Синельникова джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды

Ақмолалық спортшы қыз Елизавета Синельникова Грекия елінде өткен джиу-джитсудан әлем чемпионатында жеңіске жетті.

Ақмола облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, Грекияның Крит аралында жасөспірімдер арасында джиу-джитсудан әлем чемпионаты өтті. Жарысқа әлемнің 22 елінен 600 жуық спортшы қатысты.

«Елизавета осы спорт түрінен жоғары жетістікке қол жеткізіп отырған тұңғыш ақмолалық қыз. Жерлесіміз 48 келі салмақта сынға түсті. Ол джиу-джитсудың «Неваза» түрі бойынша төрт кездесу өткізіп, оның барлығында жеңіске жетті», - дейді ведомствоның баспасөз хатшысы Махаббат Большина.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде