{metadescription}
Екі науқас баласы бар әйел контейнерде тұрып жатыр

Екі науқас баласы бар әйел контейнерде тұрып жатыр

Тәжікстан астанасында жүздеген адам құрылысы бітпеген нысандар мен контейнерлерді паналап жүр.

Азаматтарды баспанамен қамту - Тәжікстандағы өткір мәселелердің бірі. Душанбеде пәтердің бір шарты метрі 200-ден 1200 долларға дейін саудаланады. Гүлнора Олимова ауру екі баласымен төрт айдан бері контейнерде тұрады. Мұнда тұрмысқа ешқандай жағдай жасалмаған.

"Ванна жоқ, балалар басын далада жуады. Аулаға шығуға ұяласың. Әжетхана да далада. Дәрет алу үшін ауладағы адамдардың кетуін күтуге тура келеді", - дейді Гүлнора.

Контейнер қалалық автожуу ауласында орналасқан. Гүлнораның күйеуі осында жұмыс істейді. Бірақ оның табысы пәтер жалдауға жете бермейді.

Отбасындағы екі бала да ауырады: біреуі дұрыс жүре алмайды, сөйлемейді, екінші баланың жүрегі ауырады. Отбасы жер беруін сұрап, билікке бірнеше мәрте арызданған. "Үш мәрте өтініш жаздық. Бермеді. Балалар өсіп келеді, тіршілік одан сайын қиындап барады".

Дереккөз: centralasian.org

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде