{metadescription}
Шымкентте атыс болып, бір адам көз жұмды

Шымкентте атыс болып, бір адам көз жұмды

29 қазанда кешке Шымкентте атыс болып, бір адам көз жұмды, тағы төрт адам ауыр жарақатпен ауруханаға түсті.

Оқыс оқиға сағат 17.30 шамасында Арғынбеков көшесінде орналасқан кафеде болған. Куәгерлердің айтуынша, атысты екі адам ашқан. Оқ жаудырған соң ол екі адам қашып, кафеден 300 метр қашықтықта қолдарындағы "Сайга" қаруын бетон блоктар жиналған жерге лақтырып, өздері ізін суытқан.

Абай аудандық полиция бөлімі оқиға болған жерді қоршауға алған. Дәмхана маңында Toyota Camry 70 және Lexus RX 350 екі автокөлігі тұрған. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері сол көліктердің бірінен үлкен сомада ақша тауып алған. 

Кафеде өзіне оқ жауырғандармен атысқан екі адамның бірі көз жұмды. Ұсталғандар бар. №1 Шымкент қалалық клиникалық ауруханасына оқтан жараланған төрт адам жеткізілген. Бәріне де оқ тиген. Зардап шегушілер - 1989, 1987, 1996, 1984 жылғы азаматтар. Олардың біріне күрделі ота жасалды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде