{metadescription}
Қостанайда полиция подполковнигі сотталды

Қостанайда полиция подполковнигі сотталды

Қостанай облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бірнеше мәрте пара алды деген күдік бойынша Қостанай қалалық полиция басқармасы көші-қон қызметі бөлімінің басшысы,иполиция подполковнигі Байжановқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Қостанай қаласы полиция басқармасы көші-қон қызметінің бастығы бірнеше мәрте пара алғаны үшін сотталды.

"Ол Кравчуктың көмегімен Манукян, Гребенюк, Егиазарян, Закоян мен Махмадовтан жалпы қамқорлығы, шетелдіктерді кедергісіз тіркеу мен оларға елде тұруға ықтиярхат рәсімдеу үшін 3 миллион 10 мың теңге сомасында жүйелі негізде пара алды деген күдікке ілінді",  – деп сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

29 қазандағы Қостанай қаласының №2 сотының үкімімен Байжанов 6 жылға сотталды. Сондай-ақ ол мемлекеттік қызметте лауазымды қызметпен айналысу және арнайы атақ-шен алу құқығынан өмір бойына айырылды. Осы үкіммен Кравчук 4 жылға бас бостандығынан айырылды, ал пара берушілер Манукян, Гребенюк, Егиазарян, Закоян және Махмадовқа берген параның он еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салынды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде