{metadescription}
Алдағы күндері елімізде күн суытады

Алдағы күндері елімізде күн суытады

Синоптиктер 31 қазан - 2 қараша күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті.

Синоптиктердің мәліметінше, қараша айының басында ауа температурасы төмендейді.

"Кезекті циклон қалыптасып, Ресейдің Еуропалық бөлігінде белсенділігін арттыра бастады. Алдағы тәулікте ол Оралға қарай жылжиды, онымен байланысты суық фронттар Қазақстанның батыс және солтүстік-батыс аймақтарына ығысады. Климаттық нормадан 3…6 градусқа, республиканың солтүстігінде 8…13 градусқа жоғары болған аномаль жылы ауа температурасынан кейін күннің суытуы күтіледі", - дейді "Қазгидромет" мамандары.

Сондай-ақ, қарашаның басында батыс өңірлерінде ауа температурасы орташа көпжылдық нормадан 2…4 градусқа төмен болатыны айтылады.
 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде