Әлемнің ең қарт тұрғыны қазақ әйелі қайтыс болды
Әлемдегі ең қарт кейуана, этникалық қазақ Танзиля Бисембаева 125 жасқа таяп қалған шағында дүниеден өтті.
15:21 30.10.2019
Танзиля Бисембаева Астрахань облысының Красноярск ауданына қарасты Алча ауылының тұрғыны болған. Танзиля Бисембеева 1896 жылы дүниеге келген. Бірнеше революцияны өткерген. Ол биыл қаңтар айынан бастап әлемдегі ең кәрі адам ретінде саналған. Қария 125 жас толуына жарты жыл қалғанда қайтыс болған көрінеді, оның денесі туған өлкесінде қойылыпты.
Ол жайлы Ресейдің рекордтар кітабында да айтылады. Бисембаеваның артында үш ұлы, 10 немересі, 24 шөбересі және екі шөпшегі қалды. Ал Гиннесс рекордтар кітабының нұсқасы бойынша, бүгінде әлемдегі ең кәрі адам - Канэ Танака, ол 116 жаста.
Кейуананың бірінші жұбайы Ұлы Отан соғысынан оралмапты, ал олардың ортақ ұлы сәби кезінде шетінеп кеткен. Кейінен ол екінші рет тағы тұрмыс құрып, 53, 54 және 57 жасында үш ұл сүйеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары