Бойжеткен өлдіге санаған бұрынғы жігіті тірі болып шықты
Австралия тұрғыны мейрамханалардың бірінде о дүниелік деп ойлап жүрген бұрынғы жігітін кездестіріп қалған.
15:50 30.10.2019
Рэйчел есімді Австралия тұрғыны осыдан екі жыл бұрын өзінің пабта істейтін әріптесімен кездесіпті. Бірге жүргендеріне үш айдан астам уақыт болған кезде, оның жігіті түнгі ауысымнан қолы сынып келеді. Жарақатының себебінен ол ұзақ уақыт жұмыс істей алмапты, сол үшін алаяқ досы Рэйчелден үлкен сомада ақша алған көрінеді. Біраз уақыттан соң жұптардың жолы екіге айырылып, жігіт қарызының бір бөлігін қайтарған, ал, қыз қарыздың қалған бөлігін сұрап мазалаған кезде, ол ұшты-күйлі жоқ болыпты.
Артынша Рэйчел жігіттің достарынан оның нашақорларға арналған орталықта емделіп жатқандығын және оларға да ақша қарыз екендігін естиді. Біраз уақыттан соң, тіпті бұрынғы жігітін қарызын қайтармаған үшін байкерлер өлтіріп кетіпті дегенді естиді.
Ең қызығы, өлді деп жүрген жігітін қыз мейрамханалардың бірінде кездестіріп қалады. Алайда ер азамат оны танымағандай сыңай танытып, сөйлеспей қойған.
Дереккөз: Stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!