{metadescription}
Ғалымдар адамға ең пайдалы және ең пайдасыз тағамдарды атады

Ғалымдар адамға ең пайдалы және ең пайдасыз тағамдарды атады

Ағылшын және америкалық зерттеушілердің бірігіп жүргізген зерттеулеріне сәйкес, ет тағамдары қоршаған ортаға теріс әсер етіп, онымен қоса ерте қайтыс болуға әкеп соғады екен.

Ұлыбританияның Оксфорд және АҚШ-тың Миннесота университеттерінің ғалымдары бірігіп зерттеу жүргізіп, 15 түрлі тағам өнімдерінің қоршаған орта мен адамға деген әсерін сарапқа салды. Тәжірибенің негізгі мақсаты адам ағзасына оң әсер етіп, оның үстіне табиғатқа зиянын тигізбейтін тағам өнімдерін анықтау болды. 

«Дәнді дақылдар, жеміс-жидектер мен көкөністер, жаңғақтың түрлері мен зәйтүн майы денсаулыққа пайдалы және қоршаған ортада тез ыдырайды. Одан кейінгі орында балық орналысты: оның табиғатқа және адамға деген пайдасы орташа. Ал, соңғы орынды ет өнімдері иеленген. Сонымен қатар, зерттеуге құрамында қантты бар сусындар да қосылды» - делінген ғалымдар жариялаған материалда. 

Айта кетерлік жайт, құс еті, сүт өнімдері және жұмыртқа адам ағзасына әсері ет өнімдерімен бірдей, алайда табиғатқа әкелетін зияны әлдеқайда аз көрінеді. Ғалымдардың айтуынша, қазіргі таңда әлемде ағзаға зиянды өнімдерді тұтыну кең етек жайған. Олар табиғатқа да  теріс ықпал ететін көрінеді. Сол себепті де зерттеушілер ет өнімдерін рационнан азайтып, оның орнына пайдасы мол көкөністер, жеміс-жидектер мен жаңғақтар, бұршақ тұқымдастары мен балықты тұтынуды арттыру қажет деп кеңес береді.  

Дереккөз: Stan.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде