Ұшты-күйлі жоғалып кеткен кәсіпкер әйелдің денесі өз үйіндегі тоңазытқыштан табылды
Ваннидің жоғалғанын бауыры Ворафан хабарлаған.
09:03 31.10.2019
Ванни Джирачароенинг 18 қазан күні Таиландтың Чиангмай қаласында із-түзсіз жоғалып кеткен. Ваннидің жоғалғанын бауыры Ворафан хабарлаған. Көршілері болса, әйелдің үйінен шыққан жағымсыз иіске шағымданған. Әйелдің денесін бетонмен құйып, тоңазытқышқа салып қойған. Марқұмның қол-аяғы байлайлулы, ал басына пакет кигізілген.
Оқиғаға әйелдің досы күдіктеліп отыр. Сондай-ақ марқұмның автомобилі мен банк карталары жоғалып кеткен. Шотынан бірнеше рет ірі сома алынған.
Дереккөз: sn.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!