Бүгін қазақстандықтар Айдың ерекше құбылысын көре алады
Қазақстандықтар 31 қазан күні кешкісін әдемі көріністі тамашалай алады.
10:02 31.10.2019
Қазақстандықтар Айдың ерекше құбылысын көре алады. 31 қазан кешке жаңа туған Ай (фаза 0,15) Юпитер ғаламшарына (жарқылы 19 жұлдыздық шама) жақындайды. Күн батқаннан кейін, шамамен Мәскеу уақытымен сағат 18:00-де бір-біріне айтарлықтай жақындай түседі. Ол кезде Ай мен Юпитердің қашықтығы 8 бұрыштық минут болады, деп жазады ҚазАқпарат.
«Бұл құбылысты Ресейдің барлық аумағында (солтүстік өңірлерден басқа), Украинада, Беларусь, Молдова, Балтық маңы, Кавказ және Орталық Азия елдерінде байқауға болады», - деп жазған «Астрономия» сайты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!