{metadescription}
Бойжеткен өзін перзентханадан ұрлап кеткенін білді

Бойжеткен өзін перзентханадан ұрлап кеткенін білді

ОАР-дың Кейптаун қаласында тұратын 21 жастағы Миш Соломон бір селфидің арқасында бүкіл өмірі өзгергенін айтады.

Ол анам деп санап келген адамның өзін перзентханадан ұрлап кеткенін біліп қойыпты. 2015 жылы 17 жастағы Миш мектепте оқып жүргенде, сыныптастары оған Кэссиди Нерс есімді қыз екеуінің қатты ұқсайтынын айтқан. Миш одан бірнеше жас үлкен болса да, екеуі достасып кетіпті. Осылайша, бірнеше айдан кейін Кэссиди екеуі селфи жасап, суретті ата-аналарына көрсетеді.

Сол кезде Кэссидидің ата-анасы Миштің туған күні қашан екенін білуін сұраған. Анықталғандай, ол ерлі-зайыптының перзентханадан ұрланған қызы дүниеге келген күні туылыпты. Мұны білген ер адам бірден полицияға жүгінді. Арада бір апта өткеннен кейін мектеп директоры Мишті шақырып, анам деп жүрген әйелдің оны 17 жыл бұрын ұрлап кеткенін айтқан. Оқушы қыз ДНҚ тестінен өткеннен кейін, оның Кэссидидің әпкесі екені расталыпты. 

«Мен шок болдым. Жүрегім ауырды. Анам маған керек. Одан мені не үшін ұрлағанын, не болып жатқанын сұрағым келеді. Оның анам емес екенін білгенде, төбеме жай түскендей болды», - дейді Миш Соломон.

Лавон Соломон бала ұрлығы үшін 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал бүгінде өзі де ана атанып, бала тәрбиелеп отырған Миш өзін бағып-қаққан әйелге жиі барып тұрады. Ол анам түрмеден тезірек шықса екен дейді. Ал Миштің биологиялық ата-анасы ажырасып кетіпті. Миштің олармен бірге тұруға батылы жетпеген. Десе де ол туған ата-анасымен араласып тұруға тырысатынын айтады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде