Пойызда шыққан өрттен 25-ке жуық адам мерт болды
Пәкістанның Карачи қаласынан Равалпиндиге бет алған жүрдек пойызда өрт шығып, салдарынан 25-ге жуық адам мерт болып, тағы 30-ы зардап шекті.
12:40 31.10.2019
Оқиға Рахим Яр Хан округі, Лиакатпур қаласында болған. Бұл туралы ҚазАқпарат Geo News сайтына сілтеме жасап хабарлайды. «Tezgam» жүрдек пойызы күн сайын Карачи мен Равалпинди арасында қатынайды. Дереккөздің мәліметінше, өрт жолаушылар өздеріне таңғы ас әзірлеп жатқан кезде газ баллонының жарылуынан шыққан. Жалын эконом санаттағы екі вагонды және бизнес санаттағы бір вагонды шарпыған.
Жергілікті құтқару қызметі басшысының айтуынша, көз жұмғандардың арасында өрттен қашпақ болып вагоннан секіргендер де бар. Елдің премьер-министрі қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!