{metadescription}
Қазақстандықтар сыбайлас жемқорлық туралы ақпарат үшін сыйақы алады

Қазақстандықтар сыбайлас жемқорлық туралы ақпарат үшін сыйақы алады

Қазақстан тұрғындары сыбайлас жемқорлықтан бас тартып, ол жайында дер кезінде хабароаған жағдайда сыйақыға ие болады.

Сыйақының көлемі сомма көлемінің он пайызына дейін жетуі мүмкін. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бөлім басшының айтуынша бұл бастамаға басқа да мемлекеттік органдар қолдау көрсеткен. 

«Еліміздің азаматтарын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс жүргізуге ынталандыру мақсатында сыйыақы беру бастамасын қолға алуды ұсынамын», - деді Әлік Шпекбаев 2019 жылдың 9 айының қорытындысын талқылауға жиналған мәжілісте.

Баспа-қызмет агенттігінің хабарлауынша, егер пара соммасы 2,5 млн теңге мен 10 млн теңге аралығын құраса, оның 10 пайызын қылмысты хабарлаған адамға сыйақы ретінде төлеу жолға қойылған. Бұған дейін 2018 жылы сыбайлас жемқорлық жайлы мәлімдеген 185 қазақстандыққа 27,3 млн теңгені құрайтын сыйақы табысталды деп хабарланған болатын. Сыйақы мөлшерлемесі ҚР үкіметі қабылдаған үкім бойынша табысталады және оның соммасы 240 мың теңгеден аспауы тиіс екен. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде