80 млн доллар ұтып алған америкалық салыққа 38 млн төлейді
Американың Мичиган штатының 54 жастағы тұрғыны Филип Чиппева лотереядан 80 млн доллар ұтып алды.
16:42 31.10.2019
«Чиппева лотерея билеттерін жиі сатып алып жүрген. Бірақ, соңғы рет алған билетін өзінің жүк көлігінде қалдырып кеткен. Кейін оған келіні хабарласып, ұтысты билет Чиппеваның өңірінде екенін хабарлаған. Ол сол кезде ғана әйелі екеуі билетті тексерген. Ұтыс иегері билетті тексеріп, 80 миллион доллар ұтып алғанын білгенде көзіне жас алғанын айтты. Салық төлегеннен кейін ол қолына 42 миллион доллар алады. «7 баласы, 21 немересі бар Чиппева ең алдымен, үй, мотоцикл және автокөлік алуды жоспарлап отыр. Ол байлық оны өзгертпейтініне сенімді», - деп жазады басылым.
Автордың айтуынша, Чиппева әлі де жұмысқа барып жүр және бастығы одан не үшін келгенін күнде сұрайтын көрінеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!