{metadescription}
Қызылордада өртенген үйдің балконынан секірген тұрғын көз жұмды

Қызылордада өртенген үйдің балконынан секірген тұрғын көз жұмды

Қызылорда қаласында көп қабатты үйде өрт шығып, үшінші қабаттағы пәтер тұрғыны балконнан секіріп кетіп, мерт болды.

Қызылорда облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының хабарлауынша, оқыс оқиға бүгін, 31 қазанда сағат 16.05 шамасында Қызылорда қаласындағы «Шұғыла» мөлтек ауданындағы №40 үйде болған. Өрт салдарынан пәтердегі тұрмыстық заттар өртенген. Жалын 20 шаршы метрді шарпыды. Өрт сөндіру қызметі тарапынан сағат 16:29-да пәтер ішіндегі өрт оқшауланып, сағат 16:31-де толық сөндірілді. Отты абайсыз пайдалану салдарынан өрт шыққан.

«Куәгерлердің айтуы бойынша, 3-қабаттағы үй иесі 46 жастағы ер адам өрттен қорғану үшін терезеден секіріп, алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды. Аталған дерек сотқа дейінгі тергеп - тексерудің бірыңғай жүйесіне тіркеліп, тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.