Қостанайда көлік жүргізушісі қарияны ұрып-соққан
Қостанайда Lexus көлігін тізгіндеген жүргізуші зейнеткерді ұрып тастады.
12:18 01.11.2019
Оқиға 23 қазанда гараж массивінде болған. 69 жастағы Анатолий Шевцов гаражына жақын маңда тоқтап, артына жалғанған тіркемені ажыратпақ болған. Ер адам осылайша жолдың бір бөлігін жапқан.
Осы кезде жол бойымен жол талғамайтын көлік келе жатқан. Зейнеткер жапондық көліктің жүргізушісіне жолдан шығып кетуіне көмектесіп, нұсқап тұрады. Сосын Lexus жүргізушісі көлігінен түсіп, зейнеткерге жақындайды. Бір кезде ол кенеттен егде жастағы ер адамға соққы жұмсайды. Анатолий жауап қайтармақшы болады, алайда есесіне тағы бірнеше соққы алады. Сосын көлігіне отырып, кетіп қалған.
Жәбірленуші салдарынан мұрны мен тісі сынғанын айтып отыр. Хабарланғандай, Анатолий оқиғадан кейін полицияға арызданған. Алайда оны ұрған азамат әлі табылмапты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!