{metadescription}
Ақтауда балаға қол көтерген дәрігердің ерсі әрекеті видеоға түсіп қалды

Ақтауда балаға қол көтерген дәрігердің ерсі әрекеті видеоға түсіп қалды

Әлеуметтік желілерде тіс дәрігерінің кішкентай пациентке дөрекілік көрсеткен видеосы тарап жатыр.

Бейнежазбада медицина қызметкері бүлдіршінді жұлқылап жатқанын көруге болады. Оқиға 1 қарашада Ақтау қаласының 1-ші шағын ауданында облыстық стоматологиялық орталықта болған.  Кадрларда екі баласы бар ана тіс дәрігеріне келеді. Алдымен әйел стоматологиялық креслоға баламен бірге отыруға тырысады, бірақ кейін оны қалдырып, кабинеттен шығып кетеді.

Мазасыздана бастаған баланы дәрігер жұлқылап, стоматологиялық орындыққа лақтыра отырғызады. Медицина қызметкерінен одан бетер қорқып кеткен бүлдіршін қатты жылай бастайды. Сол кезде тіс дәрігері қолына бір құралын алып, баланы қорқытқан. Артынан оны тағы бірнеше мәрте жұлқылап тынышталдыруға тырысқан. Алайда, ақыры ер адам бүлдіршінді кабинеттен шығарып тастайды.

Оқиғадан соң, зардап шеккен баланың анасы бірден полицияға арыз жазған. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қазіргі таңда оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары басталған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Кей мәліметтер бойынша, баланың БЦП диагнозы бар.
 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде