Зүлфия Чиншанло Беларуссияда өткен турнирде қола медаль жеңіп алды
Зілтемірші Зульфия Чиншанло Беларусьте өтіп жатқан халықаралық турнирде үшінші орын алды.
18:18 02.11.2019
Қоссайыста ол 200 келі (85+115) көтерді, деп хабарлайды Ауыр атлетика федерациясы. Спортшы 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша өнер көрсетті. Атлет жұлқа көтеруде 85 келіні, ал серпе көтеруде 115 келіні бағындырды. Бірінші орынды 217 келі көтерген қытайлық спортшы Яжун Ли жеңді. Екінші орынды да 215 келі көтерген қытайлық спортшы Ванцюн иеленді.
Alexander Cup турнирі Гродно қаласында 1-5 қараша аралығында өтеді. Бұл Токиодағы Олимпиада ойындарына іріктейтін квалификациялық шара. Төрт жылда бір ұйымдастырылатын басты спорт жарысына өту үшін үш жүзге жуық атлет бақ сынауда.
Қазақстанды халықаралық біріншілікте танытатын атлеттер:
- Нижат Рахимов — салмақ категориясы 81 келіге дейін
- Денис Уланов — салмақ категориясы 81 келіге дейін
- Игорь Сон — салмақ категориясы 55 келіге дейін
- Зульфия Чиншанло — салмақ категориясы 55 келіге дейін
- Екатерина Быкова — салмақ категориясы 71 келіге дейін
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!