Алматыда жаттығу кезінде жасөспірім бала көз жұмды
Қайғылы оқиға туралы психиатр, дәрігер Жібек Жолдасова Facebook-тегі парақшасында жазды.
15:46 07.11.2019
«Менің балам мен жолдастары кеше сұмдық оқиғаның куәсі болды. Олардың көз алдарында жасөспірім құрдастары қайтыс болып кетті. Жаттығу кезінде болған. Баламның айтуынша, ол күні аса көп жаттығу болмаған. Жас бала жүрек тұсын ұстаған күйінше құлап түскен. Екі жедел жәрдем бригадасы келіп, өмірін арашалап қала алмады», - делінген жазбада.
Оның айтуынша, жаттығуға шамамен 13-15 жастағы балалар қатысқан. Олардың барлығынан денсаулығына қатысты анықтама алынған.
«Барлық баладан анықтама алынды. Біз жүрек УЗД қорытындысын да тапсырдық. Аяқ астынан болған өлім - ата ана үшін орны толмас қайғы. Кеше ғана жүгіріп жүрген бала еді», - деді ол.
Қалалық Қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасының хабарлауынша, бала жедел жәрдем жеткенше жан тәсілім еткен.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!