{metadescription}
Білім және ғылым вице-министрі қызметінен кетті

Білім және ғылым вице-министрі қызметінен кетті

Білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпова басқа жұмысқа ауысып жатыр.

Бұл туралы министрдің кеңесшісі Ерболат Мұхаметжан facebook-тегі парақшасында жазды.

«Білім және ғылым вице-министрі Ф.Н. Жақыпованы қызметінен босату мәселесі бойынша келесіні хабарлаймыз: қазіргі уақытта осы лауазымды тұлға басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР Заңнамасына сәйкес атқарып отырған қызметінен босату бойынша келісу рәсімі жүргізілуде», - дейді Е.Мұхаметжан.

Еске салсақ, бұған дейін Білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпова ғылыми дәреже мен атақты заңсыз тағайындау мәселесі бойынша өзіне қатысты айыптауға жауап беріп, айыптаушыларды сотқа берген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде