БҚО-да ер адам ауылдасын пышақтап өлтірген
Батыс Қазақстан облысында ауылдасын пышақтап өлтірген күдікті ұсталды.
08:40 08.11.2019
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға Сырым ауданы орталығы Жымпиты ауылында болды. Үйлердің бірінен 5 қараша күні шамамен сағат 16.10-да зорлықпен өлтірілген (пышақ жарақаты) 1968 жылғы ер адамның мүрдесі табылды.
Осы қылмысқа қатысты 1977 жылғы Н. деген күдікті анықталып, ұсталды. Қазіргі кезде ҚР ҚК 99-бабына сәйкес (кісі өлтіру) тергеу амалдары жүргізілуде. Ауыл тұрғындарының сөзіне қарағанда, бірнеше адам қосылып арақ ішкен.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!